Accessibility links

Қырғыз жыршысы Мәскеуде 111 сағат үзбей "Манас" эпосын оқыды


"Манас" эпосын оқып жатқан Доолот Сыдыков. Мәскеу.
"Манас" эпосын оқып жатқан Доолот Сыдыков. Мәскеу.

Қырғыз жыршысы, 38 жастағы Доолот Сыдыков өзі жоспарлағандай, "Манас" эпосын 5 күн және 5 түн үзбей оқыды.

Бұл жөнінде оның әйелі, режиссер Ырыс Окенова Facebook парақшасы арқылы жариялады. Жалпы алғанда ол жырды 111 сағат қатарынан оқыған.

Бұл шара Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мен қырғыз диаспорасының қолдауымен өткен.

Доолот Сыдыков осылайша Гиннестің рекордтар кітабына кіруге ұмтылды.

Былтыр қараша айында Доолот Сыдыков "Манас" жырын үзбей 14 сағат 27 минут оқыған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG