Accessibility links

Мәскеуде бір өзбек мигрантының мәйіті табылды. Оның аузында кірпіш кесегі болған


Ресей астанасында бір өзбек азаматының мәйіті табылды. Оның аузында кірпіш кесегі болған, денесінде соққы іздері қалған. Бұл туралы 6 қыркүйекте "Известия" газеті хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, мәйітті Рябинов көшесімен кетіп бара жатқан адамдардың бірі байқаған. Марқұмның қалтасында құжаттары болған. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы, Рязань облысында уақытша тіркеуде тұрған.

Мәліметтерге қарағанда, құқық қорғау өкілдерінің алдын ала тексеруі кезінде оның аузында кірпіш кесегі, басы мен қолында ісік іздері болғаны анықталған. Мәйіт мигрант қайтыс болғаннан екі күннен соң табылған.

Басылымның хабарлауынша, Очаков-Матвеев ауданының полициясы істі тексеріп жатыр.

28 тамызда Ресейдегі ақпарат құралдары Санкт-Петербург қаласындағы кондитерлік дүкен әжетханасында 39 жастағы өзбек әйелінің мәйіті табылғанын жазды. Ол сол дүкенде сатушы болып істеген. Полиция мәліметі бойынша, оны пышақтап кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG