Ресейдің Мәскеу облысы Ногинск қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған.
Құтқарушылар үйінді арасынан бес адамды алып шыққан, олардың арасында бес және 11 жастағы балалар бар. Қаза болғандар жайлы мәлімет жоқ. Жедел қызмет мамандары үйінді астында тағы адамдар қалуы мүмкін екенін хабарлады. ТАСС агенттігінің жазуынша, ғимараттан 170-тен астам адам эвакуацияланған.
Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, ғимараттың екінші және бесінші қабаты аралығындағы бес пәтер қираған. РИА "Новости" агенттігінің жазуынша, екінші, үшінші және төртінші қабаттың біраз бөлігі опырылып түскен.
ПІКІРЛЕР