Accessibility links

Шымкентте бір топ адам тіл белсендісі Қуат Ахметовті қудаламауды талап етті


Прокуратура алдында тіл белсендісі Қуат Ахметовты қудаламауды талап етіп тұрған азаматтар. Шымкент, 8 қыркүйек 2021 жыл.
Прокуратура алдында тіл белсендісі Қуат Ахметовты қудаламауды талап етіп тұрған азаматтар. Шымкент, 8 қыркүйек 2021 жыл.

8 қыркүйек күні Шымкент қалалық прокуратурасының алдына жиналған он шақты азаматтық белсенді "Til Maydani онлайн партиясы" Youtube арнасының авторы, қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, елден кеткен Қуат Ахметовті елге қайтаруды талап етті. Белсенділер бұған қоса, Ресейден Қазақстанның ішкі ісіне араласпауын талап етті.

Қолдарына "Путин қазақ жерінен қолыңды тарт!" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған белсенділер әуелі "Қуат Ахметов елге қайтарылсын!" деп айқайлады. Оны көрген прокуратура қызметкері заңсыз митинг өткізуге болмайтынын ескертті.

Содан кейін белсенділер Қазақстанның бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің атына хат тапсырды. Онда хат авторлары өзге елге Қазақстанның ішкі ісіне араласуына жол бермеуді, азаматтардың ана тілінде қызмет алу жөніндегі Конституциялық құқығын қамтамасыз етуді, тіл белсендісі Қуат Ахметовтің үстінен қозғалған қылмыстық істі қысқартып, елге қайтаруды талап еткен.

- Қуат Ахметовті қудалау тоқтатылсын. Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің статусы туралы жеке дара заң қабылдануы керек, - деді наразы белсенділердің бірі Қалмахан Омар.

Белсенділерді әкімдік қызметкерлері мен полиция сырттан бақылап, күзетіп тұрды. Наразылар талаптары орындалмаған жағдайда жаппай митингіге шығатынын ескертіп тарады.

"Til Maydani онлайн партиясы" Youtube арнасының авторы, азаматтық белсенді Қуат Ахметовтің елден шығып, Киевке кеткені туралы 31 тамызда хабарланды. Адвокат Абзал Құспан қорғауындағы Ахметовтің мұндай шешім қабылдауына Қазақстан бас прокуратурасының оның үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабымен ("ұлт араздығын қоздыру") қылмыстық іс қозғағаны себеп болғанын айтқан.

24 тамызда ресейлік "РИА Новости" ақпарат агенттігі Қазақстанның бас прокуратурасына сілтеп, Ахметовтің сауда орындарын аралап, қазақша қызмет көрсетуді талап ететін видеолары бойынша ұлт араздығын қоздыру бабымен іс қозғалғанын хабарлаған.

Ахметов бұған дейін де сауда орындары мен мемлекеттік мекемелерге барып, қызметкерлеріне қазақ тілінде қызмет көрсетуін сұрап видео түсірген. Кей қызметкерлер қазақша сөйлеуге міндетті емес екенін айтса, кейбірі кешірім сұраған.

Қарай отырыңыз: "Ескерту орындалмаған соң сотқа жүгіндім". Дүкенмен арадағы дау (2019 жыл).

"Ескерту орындалмаған соң сотқа жүгіндім". Дүкенмен арадағы дау
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG