Accessibility links

Ауғанстанның крикет кеңесі: Әйелдер құрамасы әлі де ойнауы мүмкін


Крикеттен ауған әйелдер құрамасы.
Крикеттен ауған әйелдер құрамасы.

Ауғанстанның крикет жөніндегі кеңесі Австралия радиосына ауған әйелдер құрамасына крикет ойнауға рұқсат берілуі мүмкін деді. Кеңестің басшысы Әзизолла Фазли 10 қыркүйек күні BS Radio Pashto радиосына әйелдердің ойынға қалай қатысатынын жақын арада нақтылайтынын айтты.

Егер жүзеге асса, бұл "Талибанның" қатаң саясатынан беруі қайтуын білдіруі ықтимал.

Фазлидің айтуынша, әйелдер құрамасының барлық 25 ойыншысы елде қалған, олар эвакуация ұшағына мінуден бас тартқан.

"Талибанның" мәдениет комиссиясы басшысының орынбасары Ахмадулла Уасиқ 8 қыркүйек күні SBS News басылымына әйелдер спорт ойынын ойнау "міндетті емес" деген. Бірақ кейіннен ол Азаттықтың Ауған қызметіне "Талибан" құрған үкіметтің "әйелдер спорты жөніндегі ұстанымын әлі жарияламағанын айтты".

"[Әйелдер спорты] жөніндегі саясат алда жарияланады" деді Уасиқ Азаттықтың Ауған қызметіне. "Мұның алдында айтқаным менің жеке ойым еді. Мен оны елдегі мәдени және қауіпсіздік жағдайына сүйеніп барып айтқанмын".

Уасиқтың мұның алдындағы мәлімдемелерінен соң, Австралия екі ел арасындағы крикет кездесуінен бас тартуы мүмкін екенін айтқан. Кездесу қараша айында Австралияның Хобарт қаласында өтуі керек болған.

1996-2001 жылдары Ауғанстанда билік құрған тәліптер, тамыздың ортасына елді өз бақылауына қайта алды. Бұрын әйелдер құқығын қатты шектеген "Талибан" қазір де шариғат заңына сүйенетінін, бірақ әйелдерге білім алып, жұмыс істеуге рұқсат беретінін айтты. Бірақ тәліптердің бұл сөзіне ауған әйелдері мен халықаралық қауымдастық күмәнмен қарап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG