Accessibility links

Өзбекстанға ақша аудару 35 пайызға артты


Өзбек сомын санап отырған әйел.
Өзбек сомын санап отырған әйел.

Өзбекстан орталық банкінің дерегінше, 2021 жылдың алғашқы сегіз айында Өзбекстанға 4,9 миллиард доллар ақша жіберілген. Алдыңғы жылдың осы кезеңінде 3,6 миллиард доллар аударған, яғни биыл бұл көрсеткіш 35 пайызға артқан.

Орталық банктің мәлімдеуінше, трансшекаралық ақша аударымдары халықтың тұтынушылық және инвестициялық белсенділігін арттырады. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта ұлттық валюта бағамының тұрақтылығында рөл атқарады деді банк.

Еңбек мигранттары жіберетін ақшаның экономикаға оң әсер беретінін Дүниежүзілік банк те атап өтті.

Өзбекстанның қаржы министрі жақында Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 24,2 миллиард долларға жеткенін хабарлаған. Бұл Өзбекстан жалпыұлттық ішкі өнімінің 38,5 пайызына тең.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG