Accessibility links

Белсенді электронды үкіметті Сбербанк платформасына көшіретін меморандумды заңсыз деп тануды талап етті


Жоғары сот. Көрнекі сурет.
Жоғары сот. Көрнекі сурет.

Азаматтық белсенді Санавар Закирова Жоғарғы соттан премьер-министр Асқар Маминнің ресейлік Сбер компаниялар тобының басшысымен Қазақстанның ақпараттық жүйесін ресейлік платформаға көшіру туралы меморандумды заңсыз деп тануды сұрап отыр. 13 қыркүйекте белсенді Facebooк парақшасында арнайы пост жариялап, Жоғарғы сотқа жолдаған шағымын да ілді.

"Премьер-министр Асқар Мамин мен Сбер компаниялар тобының жетекшісі Герман Греф қол қойған ҚР цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды жүзеге асыру саласында әріптестік туралы меморандум Қазақстан Конституциясына қайшы және Қазақстан азаматтарына қауіп төндіреді деп санаймын" делінген шағымда.

"Азаматтардың жеке мәліметімен байланысты кез келген дүние Қазақстан шықпауға тиіс. Өзге мемлекеттің жеке дерегімді өңдеуіне қарсымын" деп жазды белсенді.

3 қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбер компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық үкіметіне арналған платформа құру жөнінде меморандумға қол қойған. Оған екі елдің басшылары да қатысқан.

Бұл меморандум Қазақстан қоғамында түрлі пікір туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары, арасында IT-қауымдастық өкілдері де бар, жоба елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретінін алға тартып, платформаны отандық немесе батыс компанияларына неліктен сеніп тапсырмады деген сұрақ қойды.

Өткен аптада Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбер платформасы Қазақстанға "ең қолайлы жүйе" және "ҰҚК талаптарына сәйкес келеді" деп мәлімдеген. Оның айтуынша, алдын ала есепке сәйкес, жобаға 500 млн доллар жұмсалуы мүмкін.

Қарай отырыңыз: Қазақстан "Сберге" мұқтаж ба? (11 қыркүйек 2021 жыл).

Қазақстан "Сберге" мұқтаж ба?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG