Accessibility links

Қырғызстанда "билікті күшпен басып алу" ісі бойынша тергеу жүріп жатыр


Курсан Асанов, Алтынбек Сулайманов, Жанар Акаев және Туйгунаалы Абдраимов.
Курсан Асанов, Алтынбек Сулайманов, Жанар Акаев және Туйгунаалы Абдраимов.

Қырғызстан ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов "билікті күшпен басып алуға әрекет етті" деген күдікпен қамауға алынды.

Жогорку Кеңештің депутаттары Жанарбек Акаев, Алтынбек Сулайманов, Бакытбек Жетигенов, Канатбек Исаев және Шу облысының бұрынғы басшысы Туйгунаалы Абдраимовтар да тергеушілер сұрақтарына жауап берген.

ІІМ Курсан Асанов 14 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 309-бабы ("билікті күшпен басып алу әрекеті") бойынша сотқа дейінгі тергеу негізінде қамалғанын жариялады. Мәлімдемеде ол "басқа адамдармен бірлесіп, билікті күшпен тартып алуға дайындалып жүрген" деп айтылады.

Бұл іс аясында Асановтың сайлау штабында істеген Алмаз Сарыбаев та ұсталған.

Саясаткерлер "билікті басып алу" ісіне еш қатысы жоғын айтып, өздерін саяси себеппен қудалап жатыр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG