Accessibility links

Тәжікстанда 26 пышақ жарақатынан көз жұмған келіншектің ісін тергеу бас прокуратураға тапсырылды


Манораи Абдуфаттох.
Манораи Абдуфаттох.

Тәжікстан президентінің атқару аппараты бас прокуратураға пышақ жарақатынан қаза болған Файзабад ауданы тұрғынының өлімінің себебін зерттеуді тапсырды.

Файзабад аудандық прокуратурасы шілде айында денесіне 26 рет пышақ сұғылған Манора Абдуфаттохтың өлімін суицид деп атаған. "Суицидке итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ күдіктілер жоқ.

25 жастағы Манора Абдуфаттохтың сүйегі 22 маусымда өзі тұратын пәтерде табылған. Ол күйеуінен кетіп, сол жерде балаларымен тұрған. Қайғылы оқиға кезінде пәтерде үш баласы болған. Үлкені бес жаста, кішісі алты айлық.

Суицид туралы қорытындымен келіншектің туыстары келіспейді. Олар 17 шілдеде тәжік президентінің атына хат жазып, істі жіті зерттеуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG