Алматыда "Демпартияның" митингісі өтеді деген орын – Абай ескерткішінің маңын полиция бақылап жүр. Жақын маңда интернет ажырататын арнайы көлік те байқалды. Адамдар біртіндеп жиналып жатыр. Әзірге, интернет істеп тұр.
Оқиға орнында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков те жүр.
Шамамен 20 минут бұрын құқық қорғаушы Инга Иманбай "Демпартия" белсендісі Аружан Дүйсебайды полицияның ұстап әкеткенін хабарлаған. Қазір белсендінің телефоны сөніп тұр.
Алматы полициясы әзірге түсініктеме бермеді.
Митинг қарсаңында – 17 қыркүйекте тіркелмеген саяси ұйымның бірнеше мүшесі ұсталып, кемінде екеуі қамалған.
Бұған дейін тіркелмеген "Демпартия" ұйымы жақтастарын Алматыдағы Абай ескертішінің алдына тілді қолдау митингісіне келуге шақырған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, шара кезінде қоғамда дау туғызған цифрландыру, саяси тұтқындар мәселесі де қозғалады.
Қарай отырыңыз: "Жасамаған әрекеті үшін қамауға болмайды" (17 қыркүйек 2021 жыл).
ПІКІРЛЕР