Accessibility links

Еуроодақ Байденнің Австралия және Ұлыбританиямен одақ құруын сынады


Француздың "Шарль де Голль" ұшақ тасымалдағышы және "Прованс" фрегатасы АҚШ кемелерімен бірге әскери жаттығуға қатысып жатыр. Наурыз 2021 жыл.
Француздың "Шарль де Голль" ұшақ тасымалдағышы және "Прованс" фрегатасы АҚШ кемелерімен бірге әскери жаттығуға қатысып жатыр. Наурыз 2021 жыл.

АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары президент Джо Байденнің Австралия және Ұлыбританиямен Үнді-Тынық аймағында стратегиялық альянс құруын сынады. Вашингтон бұған дейін мұндай одақ ұлғайып бара жатқан Қытайдың ықпалына төтеп беруі тиіс деп мәлімдеген.

Euronews телеарнасының хабарлауынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Американың бұл қадамына өкініш білдірген. Дипломат бір мезгілде бұл трансатлант қатынасының жақсаруына әсерін тигізер деп үміт білдірген.

Еуропа кеңесінің сыртқы істер жөніндегі өкілі Фредерик Грар Вашингтонның шешімін одан да қатаң сынады. [Бір сөзбен айтқанда] "Еуроодаққа Үнді-Тынық мұхиты аймағында шаруаларың болмасын дегендей болды" деді ол.

2018 жылы Франция Еуроодақ елдерінің ішінде бірінші болып Үнді-Тынық мұхиты аймағына қатысты стратегиясын қабылдаған. Euronews-тың хабарлауынша, аймақ күштерінің шоғырлануының өзгеруі Франция үшін ауыр соққы болған. Атап айтқанда, ол Австралияға сүңгуір қайықтарын сату бойынша құны миллиардтаған доллар құрайтын келісімінен айырылған.

"Америка дауысы" сайтының хабарлауынша, осыған дейін Қытай мен Франция да АҚШ пен Ұлыбританияның Австралияға атом сүңгуір қайықтарын дайындау ниетіне ашуланған.

Ақ үй өкілдері Қытай мен Францияның ашулы реакциясын жұмсартуға тырысқан. Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге ол жөнінде былай деді:

"Кеше жарияланған әріптестіктің нақты бір елге қатысы жоқ. Ол АҚШ-тың стратегиялық мүддесін алға жылжытуға, халықаралық тәртіп ережелерін қолдау және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған".

АҚШ, Ұлыбритания және Австралияның қорғаныс саласында әріптестік орнатуы Австралияның Франциямен жасасқан 43 миллиард долларық келісім-шарттың жойылуына ықпал еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG