Accessibility links

Қарағанды облысында өрт сөндіруге көмектескен ауыл тұрғындары жарақаттанды


Дала өртін сөндіру сәті.
Дала өртін сөндіру сәті.

Қарағанды облысы Балқантау ауылдық округі маңындағы дала өртін сөндіру кезінде үш адам жарақаттанды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Өрт сөндіру кезінде Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының 1989, 1979 және 1973 жылғы тұрғындары зардап шеккен. Олар ауруханаға жатқызылған. Денесінің 90 пайызы күйген пациенттің жағдайы ауыр.

Ресми ақпарат бойынша, бір күнде алты өрт ошағы сөндірілген. Ақтоғай, Қарқаралы және Шет ауданының үш мың гектардан астам жерін өрт шалған.

Аймақта жергілікті тұрғындардан жасақталған топтар табиғи өртті сөндіруге жиі қатысады. Жазда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дала өрті кезінде бір жігіт қаза болған. Өртті сөндіруге жүздеген адам қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG