Accessibility links

Бір күнде 2,5 мың адамнан коронавирус пен "пневмония" анықталды, 43 адам қайтыс болды


Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін аурухана.

19 қыркүйекте Қазақстанда 2438 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 343 адамға аз.

Жексенбі күні Алматыда – 506, Қарағанды облысында – 340, Нұр-Сұлтанда 299 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстар мен қалаларда 200-ден аз науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 862 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 763-і қайтыс болған. (18 қыркүйекте 37 адам коронавирустан қайтыс болды).

Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар есебі 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіліп келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан коронавирус пневмониясына шалдыққандар Covid статистикасына енгізілмеді. Дегенмен халықаралық ұйымдар Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандар санын көрсеткенде "ковидтектес" пневмонияны да қосады. 2020 жылдың тамызынан бері елде 74 мың коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4740 адам қайтыс болған. 18 қыркүйекте 6 адам содан көз жұмған.

Қазір 70 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 13,3 мыңы стационарда жатыр. 1051 адамның жағдайы ауыр, 278 адамның жағдайы тым ауыр. 143 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазір Түркістан мен Жамбыл облыстары "жасыл аймақта". Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстары "сары аймақта". Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 6,1 млн адамға жетті. 1,2 млн адам екінші дозасын күтіп жүр.

Індет басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 228 млн адамға жетті. 4,6 млн адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG