Accessibility links

Covid пен "пневмония": 2,1 мың науқас анықталды, 58 адам қайтыс болды


Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін орталық. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін орталық. Көрнекі сурет.

20 қыркүйекте Қазақстанда 2093 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 345 адамға аз. Кейінгі апталарда елде коронавирустың беті қайтқаны байқалады. Бірақ күн сайын ондаған адам өлімі тіркеліп жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың саны әлі мың айналасында.

Дүйсенбі күні Алматыда – 415, Қарағанды облысында – 304, Алматы облысында – 254, Нұр-Сұлтанда – 190, Павлодар облысында 183 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстар мен қалаларда 150-ден аз науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 864 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 810-і қайтыс болған. 19 қыркүйекте 47 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл алдыңғы күннің көрсеткішіне қарағанда 10 адамға көп.

Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар есебі 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіліп келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан коронавирус пневмониясына шалдыққандар Covid статистикасына енгізілмеді. Дегенмен халықаралық ұйымдар Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандар санын көрсеткенде "ковидтектес" пневмонияны да қосады. 2020 жылдың тамызынан бері елде 74 мың коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4751 адам қайтыс болған. 19 қыркүйекте 11 адам содан көз жұмған.

Қазір 68 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 12,3 мыңы стационарда жатыр. 987 адамның жағдайы ауыр, 261 адамның жағдайы тым ауыр. 143 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазір Түркістан, Маңғыстау мен Жамбыл облыстары "жасыл аймақта". Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстары "сары аймақта". Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 6,2 млн адамға жетті. 1,1 млн адам екінші дозасын күтіп жүр.

Індет басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 229 млн адамға жетті. 4,6 млн адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG