Accessibility links

Ресей "экстремист" деп таныған азаматты Тәжікстан ақтады


Мунир Абдулхамитов.
Мунир Абдулхамитов.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі Ресей билігі "экстремист" деп айыптап, азаматтықтан айырған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Мунир Абдулхамитов "Группа 24" ұйымына қатысып, террорист деп айыпталған өзбекстандықтармен араласқаны үшін іздеуде болған. Оны Ресей биыл мамырда тәжік билігінің сұрауымен Тәжікстанға экстрадициялаған. Бірнеше күннен соң ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шықты.

Мунирдің айтуынша, оның ісін Тәжікстан ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының тергеушілері бес ай бойы зерттеп, кінәлі еместігін анықтаған. Билік оны ұстау және босату себебін түсіндірмеді. "Группы 24" ұйымының өкілдері Мунир Абдулхамитов олармен араласпағанын айтқан.

Мунир Абдулхамитов қазір Вахдатта тұрып жатыр. Ол тәжік билігі неге күдіктенгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бауыры Ресейде елде жүру мерзімі өтіп кетуіне байланысты ұсталған. Мунир бауырына тамақ апарып жүріп, сонымен бірге отырған адаммен телефонмен сөйлескен. Ол күдіктіге терроризм айыбы тағылғаны кейін белгілі болған.

"Группа 24" ұйымының өкілі Мұхаммадсобир Абдукаххор Мунир есімді тәжік азаматы ұйымға тіркелмегенін айтты.

Ресейде бір миллионға жуық тәжік азаматы жұмыс істейді. Тәжік азаматтарын түрлі айыптармен ұстап, Тәжікстанға экстрадициялау жиі болып тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG