Accessibility links

Байден: Үздіксіз соғыс кезеңін аяқтап, үздіксіз дипломатия дәуіріне қадам басамыз


БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұрған АҚШ президенті Джо Байден. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2021 жыл.
БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұрған АҚШ президенті Джо Байден. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2021 жыл.

Сейсенбі, 21 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеген АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың Ауғанстаннан әскер әкетуін дұрыс қадам деп бағалап, Ақ үй ендігәрі ғаламдық мәселелерді дипломатия жолдарымен шешуге ден қояды деп мәлімдеді.

"Біз Ауғанстанда 20 жылға созылған соғысты аяқтадық, үздіксіз соғыс кезеңін тәмамдап, үздіксіз дипломатия кезеңіне қадам басамыз" деді Байден.

Ауғанстаннан әскер әкету бойынша одақтастары тарабынан сынға ұшыраған Байден АҚШ әскері "әлемде кезіккен кез келген мәселеге "жауап" ретінде пайдаланылмауы тиіс" деді.

"Миссия айқын әрі қолдан келетіндей болуы тиіс, Америка халқының рұқсаты мен мүмкіндігінше одақтастарымыздың көмегімен жүзеге асырылуы тиіс" деді ол.

Байден АҚШ өткен шақтың соғыстарын соза берудің орнына коронавирус, ғаламдық жылыну, адам құқығының бұзылуы сияқты ғаламдық мәселелерді шешуге көбірек ден қояды деді.

АҚШ президенті түрлі дағдарыстар кезеңінде әлем бетбұрысқа таяды, мәселені шешу адамзат болып бірігіп, жұмыла әрекет етуімізге байланысты деді.

Байденнің ұстанымы өзіне дейін президент болған Дональд Трамптың "Бірінші кезекте Америка" деген доктринасына қайшы.

Бұрын Бас ассамблеяның отырысы коронавирусқа байланысты онлайн-форматта өткен. Биыл оған қатысушылар Нью-Йоркке жиналды. Бірақ карантинге байланысты қатысушылар тобы қысқартылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG