Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 59 адам коронавирус пен "пневмониядан" қайтыс болды


Коронавирус жұқтырғанарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұқтырғанарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.

21 қыркүйекте Қазақстанда 2411 адамның анализінен коронавирус анықталды. Кейінгі апталарда коронавирус көрсеткіші азайып, күніне 2-2,5 мың айналасында науқас тіркеліп келеді. Бірақ адам өлімі әлі де азаймай отыр.

Сейсенбі күні Алматыда – 498, Қарағанды облысында – 396, Алматы облысында – 232, Нұр-Сұлтанда – 187, Павлодар облысында 188 адамның ПТР тесті оң шыққан.

Індет басталғалы бері 867 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 860-ы қайтыс болған. 20 қыркүйекте 50 адам коронавирустан қайтыс болды.

Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққандар 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке алынып келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген.

2020 жылдың тамызынан бері елде 74 мың коронавирус пневмониясына шалдыққан. 61 мыңы жазылған. 4760 адам қайтыс болған. 20 қыркүйекте 9 адам содан көз жұмған. 311 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Қазір 67 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 12,1 мыңы стационарда жатыр. 1000 адамның жағдайы ауыр, 248 адамның жағдайы тым ауыр. 143 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазір Түркістан, Маңғыстау мен Жамбыл облыстары "жасыл аймақта". Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстары "сары аймақта". Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 6,2 млн адамға жетті. 1,1 млн адам екінші дозасын күтіп жүр.

Індет басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 229 млн адамға жетті. 4,7 млн адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG