Accessibility links

Киев облысында белгісіз біреулер Зеленский көмекшісінің көлігін автоматпен атқылаған


Владимир Зеленский көмекшісі Сергей Шефир оң жақта екінші болып тұр.
Владимир Зеленский көмекшісі Сергей Шефир оң жақта екінші болып тұр.

Киев облысында белгісіз біреулер Украина президенті Владимир Зеленскийдің көмекшісі Сергей Шерифтің көлігін атқылаған. Соның салдарынан жүргізуші жараланған. Сергей Шериф зардап шекпеген. Бұл туралы "Украинская правда" сайты жазды.

Полицияның ақпаратына қарағанда, оқиға 22 қыркүйекте таңертеңгі сағат ондар шамасында Киев облысының Лесник ауылы маңында болған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқ атқандар іздестіріліп жатыр.

Жоғарғы раданың ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау мәселелері жөніндегі комитет өкілі Марьяна Безуглая "Интерфакс" агенттігіне жүргізушінің үш жерден жараланғанын айтқан.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша, көлік келе жатқан кезде орманнан автоматпен оқ атылған.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі қазір Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясына қатысып жүр.

Зеленский кеңсесінің өкілдері оқиғаны"президенттің олигархтармен күрес талпынысына қарсылардың озбырлығы" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG