Accessibility links

Бір күнде 47 адам коронавирус пен "пневмониядан" қайтыс болды


23 қыркүйекте Қазақстанда 2 537 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бейсенбі күні 3673 адам коронавирустан жазылған. Денсаулық сақтау министрлігінің жұма таңертеңгі хабарламасында осындай мәлімет бар.

Қазақстанда коронавирустың беті қайтса да, бейсенбі күні Алматы қаласында (547), Қарағанды облысында (340), Алматы облысында (270) жүздеген науқас тіркелген. Павлодар облысында - 190, Нұр-Сұлтанда – 181, Ақтөбе облысында – 137, Ақмола облысында – 128, Шымкентте – 122, Шығыс Қазақстан облысында – 118, Қостанай облысында – 104 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстарда ондаған науқас анықталған.

Індет басталғалы бері 872 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 953-і қайтыс болған. 22 қыркүйекте 40 адам көз жұмды.

Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққандар 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке алынып келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген.

2020 жылдың тамызынан бері елде 74,8 мың коронавирус пневмониясына шалдыққан. 61 мыңы жазылған. 4776 адам қайтыс болған. 22 қыркүйекте 7 адам содан көз жұмған. 212 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Қазір 65 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 11 мыңы стационарда жатыр. 905 адамның жағдайы ауыр, 241 адамның жағдайы тым ауыр. 106 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған. Ауруханалардағы орындардың 33 пайызы бос емес.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 6,3 млн адамға жетті. 1,1 млн адам екінші дозасын күтіп жүр.

Індет басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 230 млн адамға жетті. 4,7 млн адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG