Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында 27 мектеп карантинге жабылды


 Қазақстандағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет.
 Қазақстандағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында 27 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы "Мой город" сайты хабарлады.

"Оқу жылы басталғалы бері 306 оқушыға коронавирус жұққан. 74-інің оқу процесіне қатысы жоқ. 1 қыркүйектен бастап 62 мұғалімнен коронавирус анықталған. 27 мектепте 46 сыныпты үйге карантинге жіберу туралы 42 қаулы шықты" деді БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда оқушылардың басым бөлігі офлайн оқуға оралған. Бұған дейін Шымкентте бес мың оқушының, Алматы облысында 2,6 мың оқушының карантинге жіберілгені хабарланған.

Елде "егер бір бала ауырса, онда тұтас сынып екі апталық карантинге жіберіледі" деген алгоритм бекітілген.

Кейінгі күндері Батыс Қазақстан облысында күніне ондаған науқас тіркеліп жүр. 650 мыңнан астам халқы бар облыста індет басталғалы бері 37 мың адамнан коронавирус анықталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG