Ауғанстанның солтүстігіндегі Нангархар провинциясында тәліптер мінген көліктер жарылып, кемінде бір адам қаза болды, жеті адам жараланды. "Талибан" қозғалысының өкілі DPA агенттігіне жарылыс Жалалабад қаласында болғанын айтқан. Оқиғаның жай-жапсары белгісіз.
Нангархар ауруханасындағы дереккөзінің айтуынша, емдеу мекемесіне қаза болған бір содыр мен жараланған жеті адам жеткізілген, арасында төрт бейбіт тұрғын бар. Куәгерлердің сөзіне сүйенген жергілікті БАҚ жолға қойылған бомбаның жарылғанын жазды.
Әзірге жарылысты ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының тармағы – "Хорасандағы Ислам мемлекеті" Жалалабадта болған осыған ұқсас терактіні мойнына алған.
Нангархар – "Хорасандағы Ислам мемлекеті" экстремистері көбірек шоғырланған аумақ. "Ауғанстандағы жаңа билікке қарсы топ бұған дейін де тәліптермен қақтығысып келген.
ПІКІРЛЕР