Accessibility links

Қытайдағы қуғын-сүргін кезінде Гонконгтың демократиялық қозғалыстар альянсы тарады


Гонконг альянсының белсенділері Қытайдың патриоттық демократиялық қозғалысын қолдап, Қытай диссиденті, Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобоның суретін ұстап отыр.
Гонконг альянсының белсенділері Қытайдың патриоттық демократиялық қозғалысын қолдап, Қытай диссиденті, Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобоның суретін ұстап отыр.

Қытайдағы демократиялық қозғалысты қолдау үшін құрылған Гонконг альянсының мүшелері бұл ұйымды таратуға дауыс берді. Ұйымның 41 мүшесі таратуды қолдап, төртеуі қарсы болған деп хабарлайды AP.

Бұл ұйым 1989 жылы Пекиннің Тяньанмэн алаңындағы қарсылық шеруі кезінде құрбан болғандарды жыл сайын еске алып, пикет өткізіп келген еді. Әскери техника күшімен басылған бұл шеруде, түрлі деректерге қарағанда бірнеше мың адам қаза болған.

Биыл тамызда Қытай полициясы "Гонконг альянсының мүшелері шетел мүддесіне жұмыс істейді" деген күдікпен тергеу басталғанын ескерткен.

2020 жылы Қытай коммунистік партиясы оппозициялық партиялар жұмысына тосқауыл қойып, сөз бостандығын шектейтін жаңа заң қабылдаған еді. Осыдан кейін бірнеше азаматтық ұйым өзін - өзі таратқаны жайлы мәлімдеген. Жүзден астам белсенді қамауға алынған, оның арасында Гонконг альянсының да жетекшісі де бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG