Accessibility links

Өткен тәулікте 2192 адамнан коронавирус шығып, 11 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда 25 қыркүйектегі ПТР тест қорытындысы 2192 адамда коронавирус инфекциясы бар екені көрсеткен. Мұнан өзге 187 адамның коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққаны анықталған. 11 адам қайтыс болып, 143 адам емделіп шыққан. Бұл мәліметті жексенбі күні Денсаулық сақтау министрлігі таратты.

Одан бір күн бұрын, 24 қыркүйекте Қазақстанда 2324 адамнан коронавирус табылған еді.

Қазақстан коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп, оны Covid статистикасына қоспайды. Халықаралық ұйымдар бірге есептейді. Былтыр Қазақстанда жазда өкпе қабынуы өршіп, қайтыс болғандар күрт көбейгенде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген.

Коронавирусты ең көп жұқтырғандар Алматы (491 адам), Алматы облысы (221 адам) және Нұр-Сұлтан қалаларында (184) ларында тұрады. Коронавирус ең аз таралған аймақ - Маңғыстау облысы (17 адам) мен Түркістан облысы (47 адам)

24 қыркүйекте тәулікте ең көп науқас Алматыда (510) тіркелген. Алматы облысында - 262, Қарағанды облысында 261 адамнан коронавирус анықталған.

Былтыр, 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда барлығы 75273 адам коронавируспен ауырып, 4795 адам қайтыс болған.

Ақпан айынан бері Қазақстанда 6,3 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 1,1 млн адам екінші дозасын күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG