Accessibility links

Карантиннен шыққан Путин Сочиде Ердоғанмен кездесті


Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Ердоғанға қол беріп тұр. 29 қыркүйек 2021 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Ердоғанға қол беріп тұр. 29 қыркүйек 2021 жыл.

29 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен кездесті. Бұған дейін Путин айналасындағы адамдардан коронавирус табылып, Ресей басшысы екі апта карантинде болған.

Екі ел жетекшісі соңғы рет 18 ай бұрын Мәскеуде кездескен. Сарапшылар осы уақыт аралығында екі ел арасында талқылайтын мәселелер қордаланып қалғанын айтады.

Сирия мен Ливиядағы соғыс мәселесінен бөлек, екі ел басшысы Таулы Қарабақ, Украинадағы жағдай, Ресей газының экспорты мәселесін талқылаған. Кездесуде сонымен бірге Түркияның АҚШ қарсылығына қарамастан ресейлік С-400 зымыран кешенін сатып алу мәселесі де сөз болуы мүмкін. Келіссөзден кейін ресми хабарлама таратылмады.

Шамамен үш сағатқа созылған кездесуден соң Путин Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынас екі жақтың ымырашылдығының арқасында оң бағытта дамып келе жатыр деп мәлімдеді.

"Келіссөздер кейде күрделі болады, бірақ ақыры оң нәтиже береді" деді ол.

Ал Ердоған "түрік-орыс қатынасын күн сайын нығайтуды жалғастыра берсе, жемісін береді" деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG