Accessibility links

АҚШ конгресінде Тәжікстандағы ауған ұшқыштарының мәселесі көтерілді


АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин.
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Тәжікстаннан үшінші елге кетуді тосып жүрген ауған ұшқыштарының жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

Бұл ұшқыштардың арасында аяғы ауыр әйел де бар екен.

Ауғанстанды "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда ұйымға тыйым салынған) басып алғаннан кейін, 143 ауған ұшқышы Тәжікстанға қашып келген. Оларды бастапқыда мемлекеттік университеттің жатақханасына орналастырған. Қазір таулы аймақтағы демалыс орындарының бірінде жатыр.

Өткен аптада Reuters агенттігі ұшқыштардың біріне сілтеме жасап, ұшқыштар өз қауіпсіздіктеріне алаңдайды деп хабарлаған.

Конгресс депутаты, Республикашылдар партиясының мүшесі Остин Скотт "Тәжікстанда ұшқыштардың арасында тоғызыншы айға жүкті әйел бар. Біз оларды Тәжікстаннан шығарып алуға көмектесуіміз керек", - деген.

Депутаттың көтерген мәселесіне Пентагон басшысы Ллойд Остин бұл мәселені мемлекеттік департаментке қоятынын жеткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG