Accessibility links

Мәскеу тәжік-ауған қатынасы ушыға бастағанына алаңдайды


Мәскеу Тәжікстан мен Ауғанстанның әскерін ортақ шекараға қарай тартуына алаңдап, екі жақты "қиын жағдайдан шығу жолдарын іздестіруге" шақырды.

Бұл туралы 30 қыркүйекте Мәскеуде өткен брифингте Ресей СІМ ақпарат департаменті директорының орынбасары Алексей Зайцев мәлімдеді.

"Тәжік-ауған қатынасының шиеленіскеніне алаңдап отырмыз. Ортақ шекараға екі елдің қарулы күштері тартыла бастағаны туралы мәлімет алдық. "Талибан" қозғалысының ақпараты бойынша, шекараға жақын Тахор провинциясында ғана ондаған мың сарбаз жеткізілген", - деп мәлімдеді ол.

"Соған байланысты Мәскеу Душанбе мен Кабулдағы "Талибан" үкіметін "қиын жағдайдан шығу жолдарын іздестіруге" шақырды" дейді Зайцев.

Тәліптер мұның алдында көрші елдерге қауіп төндірмейтінін мәлімдеген. 15 тамызда "Талибан" содырлары Кабулға ұрыссыз кірді, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірліктеріне кетті. Әзірге халықаралық қауымдастық Ауғанстандағы тәліптер билігін мойындаған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG