Accessibility links

Тергеу: Франция католик шіркеуінде 1950 жылдан бері 3 мың педофил жұмыс істеген


1950 жылдан бері Франция католик шіркеуінде 3 мың педофил қызмет атқарған. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне істі тергеген тәуелсіз комиссияның басшысы айтты. Тергеудің қорытынды есебі әлі жарияланбаған.

Комиссияның тергеуі шіркеу қызметкерлері арасынан 2,9-3,2 мың педофилды анықтады деді комиссия жетекшісі Жан Марк Саув. Оның сөзінше, бұл – ең кем дегендегі көрсеткіш.

Комиссия есебі сейсенбі, 5 қазан күні жарияланбақ. Екі жарым жылға ұласқан зерттеу шіркеу, сот және полиция архивтеріне және куәгерлердің айғақтарына сүйенген.

Саувтың сөзінше, 2,5 мың беттен тұратын қорытынды есепте педофилдар мен олардан зардап шеккендердің санын анықтау әрекет сипатталған.

Есепте педофилдарды шіркеуді ұстап қалудың "механизмдері" де баяндалған.

Тәуелсіз комиссияны 2018 жылы Франция епископтарының конференциясы құрған. Оған Франция шіркеуіндегі бірқатар дау түрткі болған.

Комиссия құрылардың алдында Рим папасы Франциск католик шіркеуіндегі сексуалдық зорлықтан хабары барларды өзінен жоғары лауазым иелеріне баяндауды міндеттеген.

22 адамнан тұратын комиссия 1950 жылдан бергі оқиғаларды тергеген. Комиссия құрамына заңгерлер, дәрігерлер, тарихшылар, әлеуметтанушылар және теологтар кірген.

Комиссия жұмысқа кірісерде мақсат-міндетін баяндап, бала кезінде шіркеу қызметкерлері тарапынан сексуалдық зорлыққа душар болған азаматтарды айғақ беруге шақырған. Бұл үшін арнайы телефон байланысы орнатылған. Осыдан кейін мыңдаған хабарлама түскені айтылды.

Зерттеу есебі Франция епископтарының конференциясына жолданып, 5 қазан күні баспасөз мәслихатында жарияланады. Оған сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының қауымдастықтары шақырылған.

AFP ақпарат агенттігі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG