Accessibility links

ОАР үкіметі Ресей нұсқаушыларын "адам азаптады, өлтірді" деп айыптады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Орталық Африка Республикасындағы Ресейдің әскери нұсқаушылары биыл елдің ішкі конфликтісіне араласып, бірнеше рет адам құқығын бұзған. Бұл туралы ОАР үкіметінің кеше, 3 қазанда жарияланған баяндамасында айтылады. Reuters агенттігі биыл маусым айындағы БҰҰ мәліметтері расталғанын атап өткен.

БҰҰ бітімгер күштері мен Ресейдің және Руанданың әскері қолдайтын ОАР-дың үкімет әскері желтоқсандағы президент сайлауының нәтижесімен келіспейтін көтерілісшілермен күресіп келеді. Өткен жылғы сайлауда Фостин-Арканж Туадера жеңімпаз деп жарияланған. Содан кейін басталған әскери қақтығыстан кейін көтерілісшілер ел астанасы Бангиден қуылған.

ОАР үкімет қақтығыс кезінде адам құқықтары бұзылғаны жайлы мәліметтерді зерттеуге кіріскен. БҰҰ бақылаушылары ОАР әскері мен Ресей солдаттары бейбіт адамдарды ұрып-соғып, өлтіріп, мектеп ғимараттарын басып алған, талан-таражға салған деген қорытынды шығарған. ОАР үкіметі Ресей нұсқаушылары да қатысқан осындай 103-тен астам фактіні білетінін айтады.

Алайда Reuters агенттігі баяндама авторлары бұлтартпас дәлел келтірген жоқ санайды. Баяндамада Ресей әскериі қызметкерлері айыпталған құжаттар Ресейдің сот органдарына жіберілетіні айтылған. Мұндай айыптауларды бұған теріске шығарып келген Ресей СІМ Reuters агенттігінің сұрағына жауап бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG