Accessibility links

Түркіменабадта ондаған адам гомосексуал деген күдікпен ұсталды


Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркіменабад қаласында шамамен 25 адам гомосексуал деген күдікпен ұсталды. Олардың арасында МАИ-дың бұрынғы қызметкері, бірнеше жергілікті өрт сөндіруші және шаштараз бар.

Дерекөздің мәліметінше, тамыздың аяғында бір шаштараз гомосексуал деген күдікпен Лебап уәлаятына жеткізілген.

Turkmen.news басылымы 24 қыркүйекте Ашғабатта істейтін шаштараздың ұсталғанын хабарлады. Ол - Лебап уәлаятының тумасы, түркімен шоу-бизнесінің өкілдеріне қызмет көрсеткен.

Тәуелсіз басылым Түркіменабад изоляторында гомосексуал күдігімен 30 жігіт отырғанын хабарлады.

Азатлык дереккөзінің мәлімдеуінше, қамауда отырғандардың бірі бұрын жол полициясында істеген, ұсталардан бұрын өрт сөндіру қызметіне ауысқан. Дереккөз дерегінше, ол жаңа жұмыста бір әріптесімен "заңсыз гомосексуалды қатынас" орнатқан. Қазір екеуі де тергеу изоляторында отыр.

2020 жылғы сәуірде Ашғабатта танымал бір шоумен гомосексуал күдігімен тұтқындалған еді.

Құқық қорғау органдары, соның ішінде Лебап уәлаятының прокуратурасы мен полициясы гомосексуалдарды қудалауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары осы істі құпия сақтап отыр.

Түркіменстан заңдарында гомосексуализм қылмысқа жатады. Түркіменстанның Қылмыстық кодексінің 135-бабы гомосексуалды қатынас орнатқандарға екі жылға дейін түрме жазасын қарастырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG