Accessibility links

Сот "Астана LRT жобасындағы жемқорлық ісі" бойынша шыққан үкімнің күшін жойды


Аяқталмаған "Астана LRT" жобасы. Нұр-Сұлтан, 17 шілде 2019 жыл.
Аяқталмаған "Астана LRT" жобасы. Нұр-Сұлтан, 17 шілде 2019 жыл.

7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық соты "Астана LRT жобасындағы ақша жымқыру ісі" бойынша шыққан үкімнің күшін жойып, прокурорға қайтарды. Бұл жөнінде Tengrinews сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімін оқыған судья Абай Көкжалов қылмыстық істегі "елеулі заңсыздықтарды жою үшін және қылмыстық-процестік нормалардың бұзылуына жол бермес үшін" істі прокурорға қайтарған.

Сотталушылар іс қайта қаралған кезде қамауда қала береді.

Биыл 28 мамырда Нұр-Сұлтан соты аталған іс бойынша айыпталған жеті адамға үкім шығарған. Ең ауыр жаза – 10 жыл түрме жазасы.

Айыпталушыларға "ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету" және "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жұмсау" баптары бойынша айыптар тағылған еді. Айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамаған.

"Елдегі ірі жемқорлықтың көрінісі" деп аталған іс бойынша сот процесі былтыр күзде қарала бастаған еді. Биыл сәуір айында іс аяқталуға жақын қалғанда бірқатар жайттарды анықтау үшін қайта созылды.

Осыған дейін істі тергеген жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі "ақша жымқыру схемасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұйымдастырған" деп мәлімдеген еді. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.

Тергеу органдарының мәліметінше, шенеуніктер кәсіпкерлермен бірге жоба құнын жасанды түрде қымбаттатып, жалған кәсіпорындардың көмегімен миллиард теңгені қағаз ақшаға айналдырған.

Қазақстандағы алғашқы жеңіл рельсті транспорт жүйесі астананың сол жағалауынан әуежай және темір жол вокзалына дейін жолаушылар тасымалдауы тиіс болған. Құрылыс ресми түрде 2017 жылы мамыр айында басталған. Нұр-Сұлтанда жұрт жақсы білетін "мұнаралар" сол кезде пайда болған. Жобаға салынған ақшаны алған "Астана банкі" 2018 жылы лицензиясынан айырылды. Нәтижесінде көлік жүйесі құрылысына бөлінген шамамен 258 млн доллар бұғатталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы күзде жобаны ашық сынап, "даулы жоба" деп атаған.

Дегенмен астана билігі кейінірек LRT құрылысын жалғастыра беретінін хабарлады.

Қарай отырыңыз: "Раббым, шаруаны абыроймен аяқталуын нәсіп ет". LRT құрылысы қайта басталып, құрбан шалынды (1 шілде 2021 жыл).

"Раббым, шаруаны абыроймен аяқталуын нәсіп ет". LRT құрылысы қайта басталып, құрбан шалынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Станциялар мен жерасты жаяу жүргіншілер өткелі қысқарады.

ҚазТАГ-тың жазуынша, "Астана LRT" ЖШС жемқорлық дауынан кейін City Transportation Systems (CTS) болып өзгертілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG