Accessibility links

Беларуcьте әлеуметтік желіде арнайы қызметкердің өлімі туралы пікір жазған 136 адам ұсталды


Беларусьте арнайы қызмет өкілдерімен атыс кезінде қаза болған программист Андрей Зельцер мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі өкілінің қайтыс болуына қатысты әлеуметтік желіде пікір жазған 136 адам ұсталды.

"Беларусьтің тергеу комитеті" атты телеграм-каналдың хабарлауынша, ұсталған 136 адамға мемлекеттік қызметкерлерді балағаттады және жеккөрушілікті қоздырды деген айып тағылған. Олардың бәрі қазір қамауда отыр.

30 қыркүйекте дәл осындай айыптаумен 50 адам ұсталған. Олардың бәрі атыс кезінде қаза тапқан 31 жастағы IT-компаниясының қызметкері Андрей Зельцер мен арнайы қызмет офицері жайлы видеоға пікір қалдырған.

Бұл видео әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекте жарияланды. Бұл оқиғаға Беларусь билігі Зельцер құқық қорғау органдары өкілдеріне оқ атты деген болжам айтқан. Арнайы қызмет өкілдері терроризм күдігі бойынша оның пәтерін бұзып кірген.

Пікір қалдырған қолданушылардың бірқатары бұл видеоның шынайылығына күмән келтіреді. Шетелде қашып жүрген оппозиция өкілі Валерий Цепкало бұл оқиғаға Александр Лукашенко режимін айыптады. Сол үшін Цепкалоға кезекті рет қылмыстық іс қозғады.

Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы (29 қыркүйек 2021 жыл).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG