Accessibility links

Орал билігі жалғыз адамдық пикет өткізуге рұқсат берді. Белсенділер бір күнде жеті хабарландыру тапсырды


Оралда бейбіт жиын өткізуге өтініш берген белсенділер қала әкімімен кездесіп отыр. 9 наурыз 2021 жыл.
Оралда бейбіт жиын өткізуге өтініш берген белсенділер қала әкімімен кездесіп отыр. 9 наурыз 2021 жыл.

Оралда бірнеше адам әкімдікке бейбіт митинг өткізу туралы қатарынан жеті хабарландыру тапсырды: онда үш митингіге саны әртүрлі адам қатысады деп көрсетілген, төртеуі – жалғыз адамдық пикеттер. Екі күннен соң жауап берген әкімдік жалғыз адамдық пикет өткізу туралы бір ғана өтінішті мақұлдаған.

— Әкімдіктен жауап алдық, 16 қазан таңертеңгі сағат онда Абай алаңында өтетін жалғыз адамдық пикетке рұқсат берді. Тақырыбын – "Саяси реформалар, әлеуметтік мәселелер, жер дауы және мәжбүрлі вакциналау" деп көрсеттім. Бір ғана пикетке рұқсат берді, — деді пикет туралы өтініші мақұлданған Орал тұрғыны Сандуғаш Мұхамбетжанова.

Кейінгі жеті айда Орал тұрғындары бейбіт жиын өткізу туралы шамамен 50 хабарландыру тапсырған, бірақ ешқайсысы мақұлданбаған. Атқару органы көп жағдайда карантиндік шектеулерді алға тартқан. Наразылық акциясын өткізу туралы өтініштерін қабылдатуға тырысқан белсенділер өтініш өткізген сайын қатысатындардың санын біртіндеп азайтып отырған. Ақыры жалғыз адамдық пикет өткізу туралы бірнеше хабарландыру берілген. Төрт өтініштің біреуі қабылданды.

Былтыр қабылданған бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы заң акцияны ұйымдастырушыларды жергілікті әкімдікке ескерту жасап, "мақұлдауды" күтуге міндеттейді. Аталған заңға сәйкес, шаралар тек арнайы белгіленген жерлерде ғана өтуі тиіс. Мұндай орындар көбіне елді мекен орталықтарынан алшақ жерлерде орналасады. Әкімдікпен келісілмеген шаралардың барлығы "заңсыз" деп саналады, оған қатысушылар сотталады.

Көптеген халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен сарапшылар аталған заң қазақстандықтардың конституциялық құқығын шектейді деп санайды.

Қарай отырыңыз: Митингіге 40 рет өтініш беріп рұқсат ала алмаған оралдықтар әкімдікті сотқа берді (3 қазан 2021 жыл).

Митингіге 40 рет өтініш беріп рұқсат ала алмаған оралдықтар әкімдікті сотқа берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:27 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG