Accessibility links

Ресейде коронавируспен байланысты адам өлімі қайта көбейді


Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар қайта көбейді. 8 қазан күнгі ақпарат бойынша, аннексияланған Қырымды қоса алғанда 85 аймақта бір күнде коронавирустан 936 адам қайтыс болған. Бұл жөнінде коронавируспен күрес жөніндегі федералдық жедел штабы хабарлады.

1 қазаннан бері бір күнде қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, алты рет жаңарған. Ресми мәлімет бойынша, індет басталғалы бері 214 мың адам коронавирустан қайтыс болған.

Федералдық және аймақ билігіне бұған дейін статистиканы бұрмалау жөнінде талай сын айтылған. Тәуелсіз демографтардың пікірінше, коронавирустан қайтыс болғандардың шынайы көрсеткіші шамамен үш есеге азайтылып көрсетіледі. Яғни, Ресей мен аннексияланған Қырымда індет басталғалы бері шамамен 645 мың адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл Ресейдің Ижевск, Барнауыл немесе Ульяновск қалаларының халқына пара-пар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG