Accessibility links

Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, ондаған адам қаза болды


Ауғанстанның Құндыз провинциясында шииттер мешітінде жарылыс болып, жүзден астам адам жарақаттанып, қаза болды.

Пәкістан және ауған ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза болғандар жүзге жетуі мүмкін.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жарылыс жұма күні жұрт намазға жиналған кезде болған. Шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясы Тәжікстанмен шектеседі.

Бірнеше күн бұрын Кабулда мешітке кіреберісте жарылыс болып, бес адам қаза тапқан. Сол кезде шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымдастырған болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Тамыз айында АҚШ Ауғанстандағы әскерінің соңғы бөлігін әкетер шақта "Талибан" қозғалысы Ауғанстан билігін басып алған. Кейін ИМ-нің күшейгені жөнінде хабар тараған.

Осыған дейін тәліптер аумақта ИМ содырлары жоқ деп мәлімдегенмен біраз уақыттан соң Нангархар провинциясында аталған топқа қарсы операция бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG