Accessibility links

Татарстанда парашютшілер мінген ұшақ құлады


Татарстандағы Мензелинск қаласының түбінде құлаған L-410 ұшағы.
Татарстандағы Мензелинск қаласының түбінде құлаған L-410 ұшағы.

Татарстанда Мензелинск қаласының түбінде L-410 ұшағы құлады. Бортта болған 22 адамның 16-сы қаза тапқан, алтауы жарақат алған. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Зардап шеккендер Набережные Челны және Қазан қалаларының ауруханаларына жеткізілген деп хабарлады агенттік аймақтағы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеп.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бортта 20 парашютші, 2 экипаж мүшесі болған. Осыған дейін 15 адамның опат болып, жеті адамның тірі қалғаны айтылған. Ұшақ жергілікті ДОСААФ әуе клубына тиесілі болған.

Baza басылымы апат орнынан түсірілген видеоны жариялады. Құлаған ұшақтың қақ жарылғанын көрсететін суреттер де бар.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. "Интерфакс" дереккөздері ұшақтың аэродромнан ұшқан соң бірден құлағанын айтқан.

Апат орнына Татарстан басшысы Рустам Минниханов ұшып кетті.

Кейінгі жылдары Ресейде шағын ұшақтардың құлауы жиі тіркеліп жүр. Дәл осындай L-410 қыркүйек айында Иркутск түбінде құлаған. Оған дейін шілде айында Кемеров түбінде тағы біреуі апатқа ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG