Accessibility links

Сот шешімімен келіспейтін азаматтар жоғарғы сотқа тағы жиналды


Сот шешіміне наразы Алматы тұрғыны Ильшат Кензиннің жоғары сот алдындағы пикеті. Нұр-Сұлтан, 10 қазан, 2021 жыл
Сот шешіміне наразы Алматы тұрғыны Ильшат Кензиннің жоғары сот алдындағы пикеті. Нұр-Сұлтан, 10 қазан, 2021 жыл

11 қазан таңертең Нұр-Сұлтандағы бас прокуратура мен жоғарғы сот ғимараттары алдына сот шешімдеріне наразы бір топ азамат жиналды. Астанаға елдің бірнеше аймағынан келген олар жоғарғы сот төрағасымен кездескісі келеді.

Алматыдан барған Ильшат Кензин жоғары сот ғимараты алдында жалғыз өзі пикет өткізді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенді жоғары сот ғимараты шарбағына ұзындығы - 15, биіктігі 2,5 метрге жуық 27 плакат ілген.

Онда қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде Қазақстандағы сот жүйесіне сенімсіздік пен әділетсіздік туралы жазылған. Белсенді осылайша Қазақстандағы сот жүйесіне әлем назарын аударғысы келетінін айтады.

Кензин қала әкімдігінен сағат 11:00 мен 13:00 аралығында пикет өткізуге рұқсат алғанын айтады.

Жоғары сот алдында белсендімен бірге сот шешіміне наразы тағы да он шақты адам келді. Олар да жоғары сот төрағасының қабылдауын сұрайды.

Сот ғимаратынан шыққан қызметкер журналистермен сөйлесуге құлық танытпай, наразылармен жеке сөйлесіп, әр адамның мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG