Accessibility links

Британдық басылым "Ресей AstraZeneca формуласын ұрлады" деп мақала басқаны үшін кешірім сұрады


Британдық Daily Express таблоиды ресейлік тыңшы коронавирусқа қарсы AstraZeneca формуласын ұрлап, соның негізінде "Спутник V" екпесін әзірледі деген мазмұндағы мақаланы басқаны үшін кешірім сұрады.

Ресейдің AstraZeneca формуласын ұрлағаны жөнінде мақала бастапқыда британдық өзге таблоид – The Sun газетінде басылып шыққан. Басылым ақпарат көзін атамаған. Тек "арнайы қызметте Путин тыңшыларының бірі деректі ұрлағаны жөнінде дәлел бар" деп қана қойған.

Материалды өзге ақпарат құралдары қайталап басты. Олардың арасында Daily Express те бар. Артынша таблоид сайтынан мақала мәтінін алып тастап, кешірім сұрап, хабарлама басты. "Спутник V" өндірісіне жетекшілік ететін Ресейдің тіке инвестиция жөніндегі қорының мәлімдемесін де жариялады.

Ал The Sun журналистері өйткен жоқ. Олар бастапқы мақалаға Ресейдің тіке инвестиция жөніндегі қорының мәлімдемесін қосып қойған.

Ресейдің тіке инвестиция жөніндегі қоры бұған дейін "Спутник V" екпесі ұрланған дерек негізінде әзірленді деген ақпаратқа реакция білдіріп, оны "құпия дереккөзге сүйеніп айтылған өтірік" деп атаған.

Британдық және ресейлік вакцина екеуі де аденовирустық екпе болып есептеледі, әзірленуі де ұқсас. Бірақ AstraZeneca-ның "Cпутник V" вакцинасынан айырмашылығы - шимпанзе аденовирусы негізінде әзірленген.

"Спутник V" Ресейде 2020 жылдың тамызында, AstraZeneca Британияда желтоқсан айында тіркеуге алынған.

Былтыр батыс елінің арнайы қызметтері вакцина туралы мәліметтер алу үшін ресейлік хакерлер кибершабуылдар жасағанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG