Accessibility links

АҚШ әскери-теңіз флоты Ресейдің Жапон теңізіндегі оқиғаға байланысты мәлімдемесін жоққа шығарды


Ресейлік "Адмирал Трибуц" кемесі.
Ресейлік "Адмирал Трибуц" кемесі.

АҚШ Тынық мұхит флоты 15 қазанда Ресей қорғаныс министрлігінің Жапон теңізіндегі оқиғаға байланысты таратқан мәлімдемесін "жалған ақпарат" деп атады.

Жұма күні Ресей қорғаныс министрлігі Жапон теңізіндегі бірінші Петр шығанағында ресейлік "Адмирал Трибуц" кемесі америкалық Chafee эсминеціне Ресейдің теңіз шекарасын бұзуына жол бермеді деп мәлімдеген. Ресей тарабының айтуынша, эсминец Ресей аумағына қарай бағыт алғаннан кейін "Адмирал Трибуц" америкалық кемеге қарай жылжыған, ондаған метр жақын қалған кезде ғана эсминец бағытын өзгертуге мәжбүр болған. Ақпаратқа қарағанда, Америка кемесі Ресей-Қытай әскери теңіз күштерінің артиллериялық жаттығуына байланысты жабық аймақта алған. Ресей тарабы Америка кемесін халықаралық ережені бұзды деп айыптады.

Бірнеше сағаттан соң Америка қорғаныс саласының өкілдері Ресей оқиғаны бұрмалады деп мәлімет таратты. АҚШ тарабының түсіндіруінше, Америка кемесінде "әуе операциясын" жүргізуге дайындық жүріп жатқан шақта Ресей кемесі жақындаған. "Өзара әрекет қауіпсіз әрі кәсіби шеңберден аспады" делінген мәлімдемеде.

Америка қолбасшыларының айтуынша, артиллериялық жаттығуға байланысты акваторияның жабылатыны жөнінде хабар кеш түскен яғни, оқиғадан кейін бір-ақ мәлім болған. Мәлімдемеде америкалық эсминецтің бейтарап аймақта болғаны жазылған. "АҚШ ұшуды жалғастырады және оның кемелері халықаралық заңға сәйкес рұқсат етілген аумақта операция жүргізе береді" делінген мәлімдемеде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG