Accessibility links

Ұлыбританияда парламент депутатының өлімі теракт деп танылды. Күдікке Сомали тумасы ілінді


Ұлыбритания полициясы парламент депутаты Дэвид Эмесстің өлімін террор актісі деп таныды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Полицияның дерегінше, кісі өлтірушінің әрекетіне ислам экстремизмі түрткі болуы мүмкін. Ол бұл қадамға жалғыз өзі барды деп болжанып отыр.

Полиция күдіктінің аты-жөнін айтпады. Бірақ оның жасы 25-те екені белгілі. BBC дереккөздерінің айтуынша, күдікке Ұлыбритания азаматтығын алған Сомали тумасы ілінген.

Премьер-министр Борис Джонсон Дэвид Эмессті мейірімді саясаткер деп атап, оның өлімін естігенде көңілі түскенін айтты.

Эмессті 15 қазан күні сайлаушылармен кездесу кезінде өлтіріп кеткен. Кездесу Эссекс графтығындағы Ли-он-Си қаласында шіркеуде өтіп жатқан. Қылмыске консерваторлар партиясының депутатына бірнеше мәрте пышақ сұққан.

2016 жылы Берстолл қаласында сайлаушылармен кездесіп жатқанда лейбористік партияның депутаты 41 жастағы Джо Кокс те кісі қолынан қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG