Accessibility links

FT: Қытайдың гипердыбыс зымыраны АҚШ-ты "састырды"


Қытай тамызда гибердыбыс зымыранын сынақтан өткізді. Зымыран ядролық бомбаны тасуға арналған. Financial Times басылымының дереккөздері сынақ америкалық барлау қызметін "састырды" деп отыр.

Құпия сынақ кезінде зымыран нысанаға жете алмаған, бірақ сынақтың өзі "гибердыбыс қаруын әзірлеуді таңданарлық прогресті" көрсетті деп жазды газет.

"Олардың мұны қалай істегенін білмей отырмыз" дейді FT дереккөзі. Олардың сөзінше, зымыран оңтүстік полюс арқылы ұша алады. Бұл – солтүстік полюске шоғырланған АҚШ әуе қорғанысы үшін үлкен мәселе.

Пентагон сынақ туралы пікір білдірмеді, бірақ Қытайдың белсенділігіне алаңдаушылық білдірді. АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Джон Кирби Қытайдың әскери әлеуеті "аймақ пен одан тыс аумақтарда текетірестің күшеюіне септігін тигізіп отыр" деді.

Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй Қытайдың әскери саясатты қорғаныс мақсатын ғана көздейді дейді. Оның сөзінше, Пекин "алдына АҚШ секілді ғаламдық стратегиялық мақсат қойып отырған жоқ, әскери операция жоспары да жоқ". Ол АҚШ-тың Қытайдан төнер қауіп жөнінде "аңыз шығарып отырғанын", осы арқылы гипердыбыс қаруын әзірлегісі келетінін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG