Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы президенті Клинтон Калифорния ауруханасынан шықты


Ерлі-зайыпты Клинтондар
Ерлі-зайыпты Клинтондар

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон жексенбіде Калифорния ауруханасынан шықты. Ауруханаға осыдан бірнеше күн бұрын урология инфекциясымен түскен.

75 жастағы саясаткерді Калифорния университетінің медицина орталығынан әйелі, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, 2016 жылы президент сайлауына Демократиялық партия атынан ұсынылған кандидат Хиллари Клинтон әкетті.

Ерлі-зайыпты Клинтондар Нью-Йорк штатындағы үйіне бет алған. Бұрынғы президент әрі қарай үйінде емделеді.

Калифорнияға Билл Клинтон өзі ұйымдастырған қор жұмысымен барып, 12 қазанда ауруханаға түсіп қалған.

Бұрын да жүрегі сыр беріп жүрген Клинтон 1993 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ-тың екі рет президенті болған деп хабарлайды «Америка дауысы»

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG