Қазақстанда өткен тәулікте 1642 адамнан коронавирус індеті ПТР тест арқылы анықталды. Осы күнгі мәлімет бойынша 35 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығып, 7 адам қайтыс болған, 1459 адам емделіп шыққан. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Коранавирус індеті ең көп таралған өңірлер жөнінен Алматы қаласы (318 адам), Нұр-Сұлтан қаласы (238 адам), Павлодар облысы (168 адам) алғашқы орындарда тұр. Ең аз өңірлер Маңғыстау (4 адам), Жамбыл (21), Қызылорда облыстарында (22 адам).
2020 жылы наурыздан бері Қазақстанда 918146 адам коронавируспен, 77995 адам коронавирус инфекциясы бар пневмониямен ауырып, пневмониядан 4962 адам қайтыс болған.
Қазақстанда 7 миллион адам коронавирус вакцинасының толық дозасын алған. 900 мың адам екінші дозасын күтіп отыр. 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға Ресейдің "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), Қазақстанның QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген Vero Cell екпесі, сонымен бірге тағы бір қытайлық Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі салынып жатыр.
ПІКІРЛЕР