Accessibility links

Ресейдің Пермь аймағындағы мектепте оқ атқан жасөспірім ұсталды


 2021 жылы 20 қыркүйекте Пермь мемлекетттік ғылыми зерттеу университетінде студент алты адамды атып өлтірген. Ресей.
2021 жылы 20 қыркүйекте Пермь мемлекетттік ғылыми зерттеу университетінде студент алты адамды атып өлтірген. Ресей.

Ресейдің Пермь қаласының жанындағы Сарс кентінде 12 жасар бала мектепке аңшы қаруын әкеп, қабырға мен төбеге қарата екі рет оқ атқан. Ресей ІІМ жасөспірімнің ұсталғанын хабарлады. Оқтан ешкім зардап шекпеген.

Оқ атылғанда мектепте 300-ден астам оқушы мен З0 педагог болған.

РБК-ның хабарлауынша, алтыншы сынып оқушысының қолындағы қаруды мектеп директоры алған. Оқушыны кабинетке кіргізіп, қаруды беруге көндірген.

Кей мағлұматтарға қарағанда, оқушының оқ атуына мектептегі қудалау себеп болуы мүмкін. "Интерфакс" дереккөзінің айтуынша, оқушы оқ атқанда түсініксіз сөздер айтқан.

Оқушы мектеп апарған "Сайга" карабині әкесінің атына тіркелген.

  • 2018 жылы 17 қазанда Қырымның Керчь қаласында (Ресей аннексиялаған Қырым түбегі) 18 жастағы студент Владислав Росляков политехника колледжінде 20 адамды атып, өзі де өлген.
  • 2021 жылы мамыр айында Ильназ Галявиев Қазан қаласындағы №175 гимназияда 9 адамды атып өлтірген, тағы 24 адам зардап шеккен.
  • 2021 жылы 20 қыркүйекте Тимур Бекмансуров Пермь мемлекетттік ғылыми зерттеу университетінде алты адамды атып өлтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG