Accessibility links

Үшжылдық бюджетте ревакцинацияға қаражат қарастырылмаған


Парламент мәжілісінің отырысы. Көрнекі сурет.
Парламент мәжілісінің отырысы. Көрнекі сурет.

"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында ревакцинацияға қаржы қарастырылмаған. 20 қазан күнгі палата отырысында мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан осы жөнінде сұрады.

Ал вице-премьер ревакцинацияға қаржы үкімет резервінен қарастырылатынын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, жыл аяғына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы 800 мың адамға салынуы тиіс. Ал 2022 жылы – 2 млн азаматқа салынады. Келесі жылдың бюджеті мен жоспары эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халықаралық тәжірибені ескере отырып, шаралар қабылданады деді ол.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация қарашаның соңында басталады деп мәлімдеген. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен денсаулығына қауіп төнген адамдарға салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG