Accessibility links

Вашингтонда ФБР агенттері ресейлік олигарх Олег Дерипасканың үйін тінтті


Олег Дерипаска.
Олег Дерипаска.

АҚШ федералдық тергеу бюросы (ФБР) ресейлік олигарх Олег Дерипасканың Вашингтондағы үйінде "тергеу амалдарын" жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде ФБР-дың ресми өкілі хабарлады.

NBC News телеарнасының хабарлауынша, ФБР агенттері Дерипасканың үйін қоршаған.

ФБР өкілдері ресейлік олигархтың үйіне кірген. Тінтудің себебі айтылмайды.

Миллиардер, мұнай королі Олег Дерипаска Ресей басшысы Владимир Путинге жақын адамдардың бірі. 2018 жылы сәуірде АҚШ қаржы министрлігі 20-ға жуық ресми тұлға мен кәсіпкермен бірге оған да санкция салған.

Washington Post жазуынша, Дерипасканың Вашингтондағы үйінің аумағы 2100 шаршы метрді құрайды. Бұл үй Ресей елшілігінен шамамен 1,5 шақырым, АҚШ әскери-теңіз обсерваториясына жақын жерде орналасқан. Үйде ұйықтайтын жеті бөлме бар, еденге италиялық мрамор мен шыныдан

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың туыстары Олег Дерипасканың жеке ұшақ, үй мен қонақ үйлерін пайдаланатыны жайлы ақпарат шыққан. Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жақтастарының зерттеуіне сәйкес, соның өтеуі ретінде Лавров кәсіпкердің мүдессін қорғаған деп айтылады. Зерттеу мемлекеттік дума сайлауына бір күн қалғанда жарияланған.

14 қыркүйекте "Важные истории" жобасы Светлана Полякова есімді әйел туралы зерттеу жариялаған: оның отбасы миллиард рубльден астам қаражатқа ие. Басылымның жазуынша, Полякованың Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен байланысы бар.

Светлана Полякованың қызының әлеуметтік желілерін тексерген Навальныйдың жақтастары оның Дерипаскаға тиесілі қонақ үйлер мен вилларға талай тоқтаған деген қорытындыға келген. Зерттеуге сәйкес, Лавров Дерипаскаға талай рет қол ұшын беріп, халықаралық санкциядан арылуға көмектескен.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG