Accessibility links

СҚО-да денсаулық сақтау басқармасы жетекшісіне іс қозғалды


Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қабдырахман Сақтағановтың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл жөнінде 20 қазанда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сүйенген "Қазақпарат" хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын растаймын. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, қалған ақпарат жарияланбауы тиіс. Егер сот үкімі болса, ақпарат таратылады" деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жетекшісінің орынбасары Нұрлан Жахин.

Қыркүйек айында жергілікті БАҚ Сақтағановтың мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, ұсталғаны жөнінде хабарлаған. Бірақ департамент ақпарат бермеген.

59 жастағы Қабдырахман Сақтағанов Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылдың шілде айынан бері басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG