Accessibility links

Навальный Сахаров сыйлығын алды


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Еуропарламент ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға Андрей Сахаров атындағы сыйлықты берді. Бұл туралы Навальныйды осы сыйлыққа ұсынған Еуропарламент фракциясы хабарлады.

Сыйлық иегері ресми түрде 20 қазан кешкісін жарияланады.

Сахаров сыйлығы – Еуроодақтың адам құқығы бойынша ең беделді сыйлығы. Навальныйдың кандидатурасын Еуропарламенттегі ірі фракция – Еуропа халық партиясы және депутаттар саны жөнінен үшінші фракция "Еуропаны жаңарту" партиясы ұсынған. Олар Навальныйға бұл сыйлықты "бостандық, демократия және адам құқығы үшін күрестегі ержүректігі" үшін беру керек деген.

Навальный былтыр уланып, Германияда емделіп шыққан соң Ресейге оралған. Ол Ресейге келе сала колонияға қамалған еді. Оппозиционер 2023 жылдың күзінде бостандыққа шығуы тиіс. Бірақ оның үстінен тағы бірнеше іс қозғалған.

  • Былтыр Сахаров сыйлығын Беларусь оппозициясы, 2018 жылы украиналық режиссер Олег Сенцов (Ресей аннекциялап алған Қырымда тұтқындалған еді) алған еді. Сенцов Ресей түрмесінен шыққан соң Еуропарламентте сөз сөйлеген.
  • Навальный былтыр Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынылған. Бірақ бұл жолы Нобель сыйлығын филиппиндік журналист Мария Ресса мен ресейлік журналист Дмитрий Муратов алды.
  • Сахаров сыйлығына үміткерлер қатарында Навальныйдан бөлек ауғанстандық 11 әйел (құқық қорғаушылар, белсенділер) мен Боливияның бұрынғы президенті Жанин Аньес болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG