Accessibility links

43 ел Қытайды Шыңжаңға бақылаушыларды кіргізуге шақырды


Шыңжаңдағы "саяси лагерьлердің" бірі. Пекин оны ресми түрде "кәсіпке баулитын орталық" деп атайды.
Шыңжаңдағы "саяси лагерьлердің" бірі. Пекин оны ресми түрде "кәсіпке баулитын орталық" деп атайды.

43 ел Қытайды адам құқығы бақылаушыларына Шыңжаң автономиялық өлкесіне кіруге рұқсат беруге шақырды. Бірнеше жылдан бері халықаралық қауымдастық Пекинді аталған өлкеде мұсылмандарды жаппай қудалап, геноцид жасады деп айыптап келеді. Пекин мұны жоққа шығарады.

21 қазанда 43 елдің өкілі қол қойған мәлімдеме Пекинді адам құқығы бақылаушыларына, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары да бар, Шыңжаңға "дереу әрі еркін" кіруіне жағдай жасауға үндейді.

Мәлімдеме авторлары Шыңжаңдағы жағдайға алаңдап отырғанын айтып, "миллион адам қамалып шыққан саяси тәрбиелеу лагерьлері" жайлы сенімді дереккөздерге сүйенеді.

Ортақ мәлімдемеге АҚШ, Еуроодақ елдері, Азияның бірқатар мемлекеттері және өзге елдер қол қойған.

Қытайдың БҰҰ-дағы уәкілі Чжань Цзюнь айыптауларды жоққа шығарып, бұл "Қытайдың беделін құрту мақсатында өзара сөз байласып жасалған әрекет" деп баға берді.

Қытай бұған дейін саяси лагерьерді "кәсіпке баулитын орталық" деп атап, аталған орындар адамдарды "терроризмнен айықтыруға көмектеседі" деп айтқан.

Дегенмен адам құқығын қорғаушылар мен лагерьде қамауда болған адамдар орталықта азаптау мен қысым барын, оның түрмеге көбірек ұқсайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG