Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауы: Алғаш рет жазасын өтеушілер дауыс беріп жатыр


Өзбекстандағы сайлау. 24 қазан 2021 жыл.
Өзбекстандағы сайлау. 24 қазан 2021 жыл.

24 қазан күні Өзбекстанда кезекті президент сайлауы өтіп жатыр. Қоғам үшін мейлінше аз қауіп төндіретін, мейлінше жеңіл қылмыс жасап, сол үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар алғаш рет дауыс беріп отыр. Бұл туралы сайлау күні елдің ішкі істер министрі Пулат Бобожонов хабарлады.

"Бүгінде дауыс беру құқығына жазасын өтеп жатқан 8203 адам ие" деді Бобожонов баспасөз мәслихаты кезінде олардың 75 пайызы дауыс беріп үлгергенін айтып.

Министрдің айтуына қарағанда, түзеу мекемелерінде 18 сайлау учаскесі құрылған. Елде барлығы 10 761 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Сайлаушылар тізімінде 19,86 миллион адам тіркелген. Оның 900 мыңы алғаш рет дауыс бергелі отыр. Сайлауды жарамды деп табу үшін оған дауыс берушілердің кемі 33 пайыз қатысуы керек.

Өзбекстан билігі 2019 жылы елдің сайлау туралы заңына өзгеріс енгізген. Жеңіл қылмыс жасап, сол үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға дауыс беру құқығы сол кезде берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG