Accessibility links

Кабулда сегіз жетім бала аштан өлген. Ауғанстанда гуманитарлық апат болуы мүмкін


Кабулдың батыс бөлігінде сегіз жетім бала аштан өлген. Бұл туралы Ауғанстан хазарларының саяси жетекшісі, ауған парламентінің бұрынғы мүшесі Мұхаммед Мохакик 24 қазанда Facebook парақшасына жазды.

Мохакиктің мәліметіне қарағанда, Кабулдың 13-округінен бірнеше апта бұрын табылған балалар денесін жергілікті молда мен осы ауданның тұрғындары жерлеген.

Молда Мұхаммед Әли Бәмианидің хабарына қарағанда, жетім балалардың үлкені - шамамен сегіз жаста, кішісі - бір жарым жаста ғана. "Олардың ешкімі қалмаған. Әке-шешесінің екеуі де өлген, жақын туыстары да жоқ", — дейді Бәмиани.

Бәмиани балалар денесі табылған үйге барғанын айтады. Оның сөзінше, балалардың аштықтан әлсірегені соншалық, өз бетімен қимылдауға да жарамаған.

"Талибан" қозғалысы басқаратын ауған үкіметі бұл жөнінде ешқандай ақпарат берген жоқ.

Бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымы таяу арада гуманитарлық көмек берілмесе, Ауғанстан аштыққа ұрынуы мүмкін екенін ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG